Қазақстан • 15 Маусым, 2020

"Nur Suńqar" журналистер байқауына өтінімдер қабылдау басталды

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Nur Otan" партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін "Nur Suńqar" республикалық байқауының басталғанын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.

"Nur Suńqar" журналистер байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Қазіргі таңда "Nur Suńqar" сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді.

Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады.

Байқау шарты бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады.

Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2020 жылдың 19 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін қабылданады.

Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталады:

"Телевизия үздігі" – үздік телевизиялық журналист;

"Ұшқыр қалам" – үздік газет журналисі;

"Үнжария" – радионың үздік журналисі;

"QazNet үздігі" – интернет басылымның үздік журналисі»;

"Партияның "қайта жандануы" бойынша үздік материал»;

"Елбасы салған сара жол" – Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін;

"Блогосфера үздігі" – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;

"Алғы шеп" – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін;

"Біз біргеміз" – волонтерлік жұмыс туралы үздің жарияланым; Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында марапатталады.

Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады. Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады.

Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің [email protected] электронды поштасына жолдай аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша 8 776 777 09 22 нөміріне Сеит Айшолпанға хабарласуға болады.