Спорт • 16 Маусым, 2020

Жалғас Жұмағұловтың UFC ұйымындағы бірінші қарсыласы белгілі болды

32 рет көрсетілді

11-шілде күні Абу-Даби (БАӘ) қаласында UFC 251 турнирі өтеді. Дәл жекпе-жек кешінде отандасымыз Жалғас Жұмағұлов осы ұйым аясында өзінің бірінші кездесуін өткізеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмағұловтың қарсыласы бразилиялық Раулион Паива болады. Ол UFC-де үш кездесу өткізіп, біреуінде жеңіске жетсе, екеуінде жеңіліп қалған.

Ал кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Камару Усман Гилберт Бернске қарсы белбеуін қорғайды. Одан бөлек, аталған кешке жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Алекс Волкановски мен Макс Холлуэй арасындағы қарымта кездесу өтеді.

Бұл турнирде тағы да бір чемпиондық белбеуге таласатын кездесу болады. Ресейлік Петр Ян мен бразилиялық Жозе Альдо бос тұрған ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді сапарқа салады.

11-шілдеде өтетін айтулы жекпе-жек турнирінің толық карды мынадай:

Камару Усман - Гилберт
Александр Волкановски
Пyтр Ян - Жозе Алду
Джессика Андраде - Роуз Намаюнас
Аманда Рибас - Пейдж Ванзант
Педро Муньос - Фрэнки Эдгар
Волкан Оздемир - Иржи Прохазка
Леонардо Сантос - Роман Богатов
Тай Туйваса - Ярис Данхо
Макван Амирхани - Дэнни Генри

Кэрол Роза - Ванесса Мело
Жалғас Жұмағұлов - Раулиан Паива 

Соңғы жаңалықтар

Шәміл

Тарих • Кеше

ZOOM акциялары қымбаттады

Технология • Кеше

Ұқсас жаңалықтар