Президент • 16 Қаңтар, 2017

Назарбаев Әбу-Дабиде «Болашақ энергиясы» саммитіне қатысады

5192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Н. Назарбаев БАӘ-дегі ресми сапарының екінші күнінде «Болашақ энергиясы» (World Future Energy Summit) Дүниежүзілік Саммиті форумына қатысады.

Назарбаев Әбу-Дабиде «Болашақ энергиясы» саммитіне қатысады

«Болашақ энергиясы» саммиті — жыл сайын  Әбу-Дабиде өтетін  болашақ энергетикалық өнеркәсіпті дамытуға, экология мәселелеріне арналған көрме-конференция. Форум — энергияның жаңартылған көздері, экологиялық таза технологиялар мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері қозғалатын әлемдегі ең ірі шара.

Биыл БАӘ астанасындағы саммитке он бір мемлекет басшылары қатысады, оның ішінде Корей Республикасының президенті және Марокко королі бар. Шараны ұйымдастырушы — «Masdar Group» компаниясы.