Новак Джоковичтің әйелі мен балалары да індетке тест тапсырды. Нәтижесінде әйелінен вирус шыққан. Ал балаларының жұқтырмағаны анықталды.
"Біз турнирді вирустің тарау деңгейі төменгенде ұйымдастырған едік. Турнир ойдағыдай өтеді деп сендік. Өкінішке қарай, турнирге қатысқан біршама теннисші вирус жұқтырып алды. Әрине, бұл жағдайға өкінемін. Дегенмен де вирус ешкімнің денсаулығына қатты әсер етпейді деп сенемін. Мен 14 күнге оқшауланамын. Тағы бес күннен кейін тестті қайта тапсырамын" , деді Джокович.
Айта кетейік, Джокович пен оның командасы ұйымдастырған Adria Tour турнирі барысында болгариялық теннисші Григор Димитров, хорват Борна Чорич, себр Виктор Троицки, Джоковичтің жаттықтырушысы және бес жасар жанкүйер вирус жұқтырып алған еді. Соған байланысты да Хорватияның Задар қаласында турнирдің финалдық кездесуі өтпейтін болды.