Бұған дейін Министрлер Кабинеті жанынан жаңа форматты енгізудің кешенді стратегиясын әзірлеуге арналған техникалық мамандардан, жеке бизнес өкілдерінен және тиісті ведомстволардан тұратын сарапшылар кеңесі құрылды. "Қазіргі уақытта Жапония бесінші буын байланыс жүйесіне (5G) көшуде. Бұл жағдайда ел 5G қолдану ертерек басталған АҚШ пен Оңтүстік Кореядан артта қалды. Жапония билігі тиісті жабдықты жасауда Қытайдан артта қалып отыр деп алаңдауда", дейді Kyodo.
Енді агенттік атап өткендей, ел үкіметі бизнеспен бірлесе отырып, алтыншы буынның тезірек және қауіпсіз жүйелеріне көшуде жетекші болғысы келеді.
Олар, атап айтқанда, пилотсыз көліктерде, қашықтан медициналық көмекті ұйымдастыруда кеңінен қолданылуы керек.