Қазақстан • 05 Шілде, 2020

Аида Балаева: Диас Омаровтың өнегелі өмірі журналистер қауымына үлгі

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Диас Омаровтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аида Балаева: Диас Омаровтың өнегелі өмірі журналистер қауымына үлгі

"Бүгін қазақ журналистикасы тағы бір жарық жұлдызынан айырылды. Сексенге қараған шағында елге әйгілі спортшы, атақты футбол комментаторы Омаров Диас Ілиясұлы дүниеден өтті. Бүкіл саналы ғұмырын спортқа арнап, спорт журналистикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Диас Ілиясұлының өнегелі өмірі барша журналистер қауымына үлгі болып қалады. Бұл дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ. Алайда, дана халқымыз "Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді", деп жазды министр.

Министр спорт журналистикасының тасын өрге сүйреп, өз кәсібіне адал қызмет етуі барша журналистер қауымына Диас Омаров үлгі-өнеге еді деп атап өтті.

"Диас Ілиясұлының сонау кеңес заманындағы "Советскиий спорт", "Труд" газеттерінде жарияланған дүниелерінен бастап, "Қазтелерадиодағы" комментаторлық жанкешті еңбегі, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі "Хабар" арнасы секілді республикалық телеарналардағы спорт журналистикасының тасын өрге сүйреп, өз кәсібіне адал қызмет етуі барша журналистер қауымына үлгі-өнеге дер едік. Орны толмас ауыр қазада марқұм Диас Омаров ағамыздың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Марқұмның иманы жолдас болып, пейіште нұры шалқысын", деді Аида Балаева.