Елбасы • 06 Шілде, 2020

Тұлғаның еңбегін бағалау – парызымыз

305 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне онлайн режімде қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Тұлғаның еңбегін бағалау – парызымыз

Сурет Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Президент өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қа­зіргі Қазақстанның негізін қалағанын, егемен еліміздің стра­тегиялық даму жолын ай­қын­дап, хал­қы­мызды ортақ мақсатқа жұмыл­дырғанын атап өтті.

– Тұрақтылық пен татулық, береке мен бірлік – Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Кез келген мемлекеттің тари­хын­да өшпес із қалдырған бірегей тұл­ғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұр­пақтың парызы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның Қару­лы Күштері Тұңғыш Прези­денттің Жарлығымен құрыл­ған­дықтан, бұл монументтің Ұлт­тық қор­ғаныс университетінде ор­наты­луының символдық мәні зор.

Елбасы еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ерекше көңіл бөлді. Мемлекет ең қиын кезеңдердің өзінде де за­манауи қару-жарақ алу, отан­дық қорғаныс өнеркәсібі ке­шенінің қуатын арттыру, әс­кери қызметшілерді бас­панамен қамтамасыз ету, жала­қыларын уақ­тылы беру, жоғары зейнетақы төлеу мін­деттерін оңтайлы шеше білді.

– Тәуелсіздік алған сәттен бас­тап Н.Назарбаев әскери әлеуе­тімізді қалыптастыру барысында ең күрделі деген мәселелерді ше­шуге өзі тікелей аралас­ты. Оның басшылығымен хал­қы­мыз бен елімізді ықтимал әскери қақ­тығыстардан қорғау мақ­сатында армиямыздың перспективалары мен міндеттері, ұлттық қауіп­сіздікті қам­та­ма­сыз етудің басым­дықтары мен ме­ханизмдері ай­қындалды. Н.Назарбаев Прези­дент бол­ған жылдары әс­кери құры­лымның заңнамалық және құқық­тық-нормативтік базасы әзірленді. Сондай-ақ Қарулы Күш­тердің құрылымы мен құрамы жасақталып, ар­мияның қарулануы кезең-кезеңімен іске асып, заманауи инфрақұрылым қа­лыптасты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жоғарғы Бас қолбасшы әс­ке­­ріміздің қанша жерден заманауи техникалармен жаб­дық­талғанымен, мемлекеттің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету барысында армияның жеке құрамы негізгі фактор болып қала беретінін айтты.

Сондықтан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ең мықты әскери кадрлар сапалы әс­кери білім беру ісін ұйымдастыруға жұ­­мылдырылды. Бүгінде Қазақстанда орта әскери оқу орындарынан бас­тап ха­лықаралық деңгейдегі университетке дейінгі аралықта көпсатылы білім жүйесі қалып­тасты.

– Халқымызда «Ел ерлерімен еңселі» деген қанатты сөз бар. Шын мәнінде, Қарулы Күштері қуат­ты мемлекеттің бірлігі бекем, абыройы асқақ болады. Сондықтан біз армиямыздың бәсекеге қабілет­тілігін арттыруға қашанда ба­са мән береміз. Бұл ретте білім мен ғы­лымның алатын орны ерекше. Ұлт­тық қорғаныс университеті алдағы уақытта да білікті мамандар даярлау ісіне мол үлес қосады деп сенемін, – деді Мем­лекет басшысы.