Аймақтар • 06 Шілде, 2020

Атырауда дәрі-дәрмекті қымбаттатқан дәріхана жабылады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің бірінші орынбасары, коронавируспен күрес жөніндегі өңірлік жедел штабтың төрағасы Нұрлан Таубаевтың айтуынша, Атырауға екі күн қатарынан тапшы дәрі-дәрмектер партиясы жеткізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда дәрі-дәрмекті қымбаттатқан дәріхана жабылады

"Кеше және бүгін аймаққа қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді. Олардың алғашқы легі медициналық мекемелерге жіберілді. Енді ауруханаларда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың емделуін қамтамасыз ететін дәрілердің қоры жеткілікті. Ал, бүгін жеткізілген дәрілер ертең дәріханаларға таратылатын болады. Алдымыздағы аптаның бейсенбісінде тағы да дәрі-дәрмек қоры жеткізіледі деп күтілуде. Әкелінетін дәрі-дәрмектердің жиынтығы арқылы тапшылық мәселесі оң шешіледі", - деді Нұрлан Таубаев.

Оның айтуынша, арнайы мониторингтік топ дәріханалардың қызметін қадағалап, дәрі-дәрмек бағасы қымбаттаса, қатаң шаралар қолданады.

"Мемлекет басшысы қол қойған дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы заңда осындай норма бекітілген. Мониторинг тобы дәрілердің бағасын қадағалап отырады. Егер дәріханаларда дәрі-дәрмек құнының шекті бағадан асып кеткені анықталса, сол дәріханалар жабылып, лицензиясынан айыруға дейін қатаң шаралар қолданылады. Сондай-ақ, дәріхана басшылығына айыппұл салынады", - деді ол.