Спорт • 07 Шілде, 2020

"Барселона" Мессидің жалақысын қысқартпақшы

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каталониялық "Барселона" клубының басшылары команданы капитаны Лионель Мессидің жалақысын қысқартпақшы, деп хабарлайды El Chiringuito.

"Барселона" Мессидің жалақысын қысқартпақшы

Аргентиналық футболшы клубпен қазіргі келісімшарты бойынша жылына 8,3 миллион еуро алады. Енді клуб жетекшілері жалақыны 5-6 миллион еуроға дейін қысқартуды ойластырып отыр. Бұл жаңалықты Мессиге клубтың қазіргі президенті Жозеп Бартомеу алдағы уақытта ресми айтады.

Мессидің "Барселона" клубымен 2021 жылдың жазына дейін келісімшарты бар. 33 жастағы шабуылшы клубпен келісімшартын ұзартуға әлі асығар емес. Бейресми мәлімет бойынша, Месси алдағы жазда командадан кетуді де ойластырып жатқан көрінеді. Оған италиялық "Ювентус" пен ағылшындық "Манчестер Сити" клубтары көз тігіп отыр.

Биылғы маусымда Месси "Барселона" сапында Испания біріншілігінде 29 кездесуге қатысып, 22 гол соғып, 20 нәтижелі пас берген.