Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Коронавирустың ауыр түріне шалдыққандарға арналған жаңа препарат шығарылады

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды фармацевтикалық зауытында коронавирустың ауыр түріне шалдыққан науқастарға арналған препарат жасалып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы qazaqstan.tv мәлімдеген. 

Коронавирустың ауыр түріне шалдыққандарға арналған жаңа препарат шығарылады

Қарағанды фармацевтикалық  зауытында көп ұзамай "цитокинді дауылға" қарсы күресетін препарат шығарылады. Нақтырақ айтсақ,  бұл дәрі адамның иммундық жүйесін көтерген кезде  ағзаға тиетін  кері әсерді реттеуге көмектеседі. Ал індеттен көз жұмғандардың 28 процентінің қан құрамында цитокиндер күрт артқан. 

Мамандардың мәлімдеуінше иммундық жүйе шамадан тыс күшейгенде, өз клеткаларын шабуылдайды екен.Содан адамның ішкі ағзасы қатты зақымданады. Бұл препарат осы кері әсерді болдырмайды.

Бұл препарат Ресейде өз тиімділігін көрсетті.Енді өзімізде өндіруді жоспарлау үстіндеміз.Трансфер, дәріні нарыққа шығару технологиясы  ұзақ уақыт алады.Мұны денсаулық сақтау министрлігі де бірауыздан құптап, қолдау көрсетуде.Сондықтан уақытты көп созбай өндіруді бастауға бел байлап отырмыз, - дейді мамандар.