Әлем • 13 Шілде, 2020

Шанхай ынтымақтастық ұйымының штаб пәтерінде бірнеше елдің Туы төмен түсірілді

858 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі "Жалпыұлттық аза тұту күніне" орай  Шанхай ынтамақтастық ұйымының штаб пәтеріндегі бірнеше елдің Туы төмен түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымының штаб пәтерінде бірнеше елдің Туы төмен түсірілді

Ол ұйымға мүше Ресей, Қытай, Тәжікістан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның байрақтары төмен түсірілді.

Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Норов елімізде коронавирустан қайтыс болған отбасылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, індет жұқтырғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Соңғы жаңалықтар