14 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Облыста және Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 43 градус аптап ыстық болады. Осы күні Қызылорда қаласында шаңды дауыл соғып, 41 градус ыстық сақталады. 14 шілде күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соққан желдін екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 14-16 шілдеде облыстың кей жерлерінде 35 градус ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады. 14 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, 38-41 градус қатты ыстық сақталады. Күндіз 14-16 шілдеде Қостанай облысында және облыс орталығында 35-39 градус ыстық болады. 14 шілдеде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Жезқазған қ аласында солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 18 м/с дейін күшейеді.
Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше