Саясат • 14 Шілде, 2020

Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығы

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қыз­меттік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі –

«Қазақстанның Еңбек Ері»

атағы беріліп, айрықша ерек­шелік белгісі –

Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Исаев                                  –         Ақмола облысының денсаулық сақтау

Олег Николаевич                       басқармасы жанындағы «Көкшетау

(марқұм)                                        қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК

                                                         бөлімше меңгерушісі

Қозбағаров                       –         «Облыстық клиникалық жұқпалы

Қалихан Есбосынұлы              аурулар ауруханасы» МКК

(марқұм)                                        бас дәрігері, Ақтөбе облысы.

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 шілде

№ 370