Әлем • 14 Шілде, 2020

Әлемде COVID-19 таралуының 4 сценарийі

515 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта әлемнің түрлі аймақтарында коронавирустың таралуының төрт негізгі сценарийі бар, деп жазады Egemen.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Адан Гебрейесуске сілтеме жасап.

Әлемде COVID-19 таралуының 4 сценарийі

Тедрос Гебрейесус барлық елдер қауіп-қатерге ұшырағанын, алайда коронавирустан барлығы бірдей дәрежеде зардап шеккен жоқ екенін атап өтті. ДДҰ басшысының айтуынша, бірінші сценарий аурудың өршуі туралы ескертілген және хабардар болған елдерде жүзеге асырылды — нәтижесінде олар ірі өршулерден құтыла алды. Олардың қатарында Оңтүстік-Шығыс Азия, Кариб бассейні, Африка және Тынық мұхиты аймағының кейбір елдері бар.

Еуропаның көптеген елдерінде байқалған екінші сценарийге сәйкес, аурудың ауқымды өршуі орын алды, алайда олар коронавирустың таралуын болдырмау бойынша шараларды ұстанатын басшылық пен халықтың арқасында бақылауға алынды.

Гебрейесус үшінші сценарий аурудың алғашқы өршуін жеңе алған елдерде пайда болғанын, бірақ олар шектеулерді әлсіретіп, енді аурудың жаңа толқынымен күресуге мәжбүр болғанын атап өтті. Бұл ретте ол мұндай сценарий байқалатын елдерді айтпады.

Төртінші сценарийге Америка, Оңтүстік Азия және Африканың бірнеше елдерін қамтиды, онда инфекцияның қарқынды берілу кезеңі байқалады. Гебрейесус ауруды бақылауға алу үшін ешқашан кеш емес екенін атап өтті.

14 шілде күні таңертең әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 13,1 миллион адамнан асты. Пандемия 188 елді қамтыды. SARS-CoV-2-ден ең көп зардап шеккен ел-АҚШ (жұқтырғандардың саны 3,4 миллионнан асады). Екінші орында Бразилия (1,8 миллион адам), Үндістан (906 мың адам) үшінші орында. Ресей (733 мың) Перуден (330 мың) озып төртінші орынға тұрақтады. Рейтингтің ондығына Чили, Мексика, Ұлыбритания, ОАР және Иран орналасты.