Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Ж.Бекшин: "Тауға шығу – әрдайым дастарқанмен аяқталғандықтан, тиісті шаралар қолданып отырмыз"

3547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте алматылықтарға демалыс күндері тауға шығуға неге тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ж.Бекшин: "Тауға шығу – әрдайым дастарқанмен аяқталғандықтан, тиісті шаралар қолданып отырмыз"

Ж.Бекшиннің айтуынша, жаяу және велосипедпен серуендеуге тек жұмыс күндері рұқсат етіледі. Бұл ретте сусындардан басқа тамақ өнімдерін өзімен бірге алып жүруге, пикниктер жасауға және от жағуға тыйым салынады. Парк аумағына тек үш адамнан аспайтын топпен келуге рұқсат берілді. Бұдан бөлек, адамдарға бетперде тағып жүре міндеттелді.

"Біз адамдардың дем алып, тынығуы үшін әрдайым жұмыс істеп келеміз. Бірақ, бәрі керісінше. Адамдар көшеге мыңдап шығып жүр. Ал тауда шыққанда әр теректің астында самаурын тұрады. Жиналғанның өзінде 20-30 болып шоғырланады. Тауға шығу – әрдайым дастарқанмен аяқталады. Бұл бейберекетті тоқтату үшін осы шараларды қолданып отырмыз", дейді бас дәрігер.