Тағайындау • 17 Шілде, 2020

“Атырау-Ақпараттың” жаңа директоры тағайындалды

1843 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін "Атырау-Ақпарат" ЖШС-нің директоры болып Ысқақ Егембердиев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырды.

“Атырау-Ақпараттың” жаңа директоры тағайындалды

Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. ​ 2005-2007  жылдары аталған университеттен журналистика магистрі біліктілігімен академиялық дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы, Жезқазған қалалық ​"Сарыарқа", "Мысты өңір" ​ ​ ​ газеттерінде тілшісінен  бастады. 2003-2004 жылдары "Қазақ университеті",​ "Жас Алаш"" газеттерінің тілшісі болды. 2005-2019​ жылдары "Хабар" агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі ретінде шыңдалды.

2019 жылдың сәуірінен бері "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

"Атырау-Ақпарат" медиахолдингі екі облыстық, жетіаудандық газетті, 11 сайт пен баспахананы біріктірген үлкен құрылым. Мұнда дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет-медианы да дамыту қолға алынған.

 

Соңғы жаңалықтар