Қазақстан • 02 Тамыз, 2020

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды

2282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек ері -  Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы  Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлады. 

 

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды

"Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді... Марқұмның барлық туған-туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз!", - делінген хабарламада.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Свердловск ауданы, Чапаев кеңшарында дүниеге келген.

Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медаль иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Соңғы жаңалықтар