Теннис • 03 Тамыз, 2020

Теннис: Қос жерлесіміз жеңілді

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері АҚШ-та өтіп жатқан UTR Pro Match Series деп аталатын көрмелік турнирінің кезекті турында Қазақстанның қос теннисшісі де сәтсіздікке ұшырады.  

Теннис: Қос жерлесіміз жеңілді

Осы күнге дейін алты кездесуді өз пайдасына шешкен 23 жастағы Дмитрий Попко бұл жолы жеңіліс тапты. Канадалық Клив Харперге қарсы кездесуде ол өзін жақсы қырынан көрсете алмады. Нәтижесінде 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді. 22 жастағы Григорий Ломакиннің де бастапқы кезеңдегі қарқыны өте керемет еді. Жерлесіміз қатарынан 15 бәсекеде басымдық танытып, өз жанкүйерлерін қуантты. Алайда осыдан бірер күн бұрын ғана ол АҚШ теннисшісі Джуниор А. Ореден ұтылса, бүгін колумбиялық Алехандро Гомеске жол берді. Есеп – 4:6, 1:6.  

Бүгін Дмитрий Попко Алехандро Гомеспен кездессе, Григорий Ломакин екі ойын өткізеді. Ол америкалық Стронг Киркхаймер және аргентиналық Хорди Арконадомен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше