Экология • 08 Тамыз, 2020

Павлодарда Көбейтұзға ұқсас көл ластану үстінде

1687 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ертіс өңірінің жастары Коряковка көлінің маңайын күл-қоқыстан тазартты. Тұздыкөл облыс орталығынан 18 шақырымда жатыр. Көлдің түсі желдің бағытына қарай құбылып тұрады. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Павлодарда Көбейтұзға ұқсас көл ластану үстінде

Әсіресе қызғылт түске боялған кейпін тамашалауға келетіндер өте көп. Көлдің суы таяз болғандықтан ол жерде ешкім шомылмайды. Соған қарамастан маңайы пластик құтылар мен басқа да тұрмыстық қалдыққа толып кеткен. Осылай жалғаса берсе экологиялық апатқа ұшырауы әбден мүмкін. Волонтерлер мен "Жасыл Ел" жастар еңбек жасағының мүшелері осылай деді.

Олар "Taza Pavlodar" экологиялық акциясы шеңберінде Ертіс жағалауын, Усолка өзенінің бойын, Құсқонақ өткелін тазартумен айналысады. Кезек тарихы тереңде жатқан Коряковка көліне жетті. Бұл жерде шамамен екі ғасыр бұрын тұз өндірісі дамыған. Өнімді  тасымалдау үшін салынған көпірдің жұрнағы әлі күнге дейін сақталыпты. Ал геологиялық барлау жұмыстары тұздың мол қорын анықтады.   

Руслана Самекова, "Жасыл ел" қалалық штабының  командирі: "Мен жерлестеріме, оның ішінде осынау ғажайып көлдің жанына келіп демалуды әдетке айналдырған қала тұрғындарына тазалық сақтаңыздар дегім келеді. Табиғаттың тамаша сыйын  сақтап қалуға үлесімізді  қосайық. Оның жойылып кетуіне жол бермеуіміз керек", дейді ол.

Ал Абай Уахит, облыстық "Жасыл ел" жастардың еңбек жасақтарының басшысы: "Карантинге байланысты мына туристік орталықтар барлығы жабық. Бірақ осындай жерлер ашық болғаннан кейін көп кісілер келіп, өкінішке орай, осындай қоқыстарын тастап, енді біз тұрғындарды, қонақтарды барлығын қоқыстарды тастамай, артынан жинап, өзімен бірге алып кетіп, табиғатымызды аялап таза күйінде сақтауға шақырамыз", дейді.

Осы категория бойынша Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 71,5 мыңнан асты Шығыс Қазақстан облысы, Тұғыл ауылында ақпай тұрған су құбыры "Хабар 24" келген кезде жұмыс істеп кетті.

Соңғы жаңалықтар