Қоғам • 16 Тамыз, 2020

Білім мен тәрбие беру саласының бірегей тармағы – дене тәрбиесі

408 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Педагог қызметкерлердің республикалық «Тамыз кеңесі» аясында  «Білім және денсаулық: дене шынықтыру және спорт әлеуеті» тақырыбындағы секциясының онлайн отырысы өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім мен тәрбие беру саласының бірегей тармағы – дене тәрбиесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы  арнайы тамыз кеңесінің секциялық отырысына қатысып, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады және алдағы маңызды жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Жарасбаев Серік Маратұлы, Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының президенті, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Закирянов Қайрат Қайроллаұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті  Президентінің кеңесшісі Ордабаев Бақытжан Құтымұлы және  Спорт дирекциясының директоры Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы ұстаздарды алдағы оқу жылында табысты еңбек етуге шақырып,  маңызды жұмыстарына сәттілік тіледі.

2019 жылы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы спортты дамыту және ілгерілету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған. Еліміздің жетекші спорт институтымен келісім негізінде ЮНЕСКО-ның спорт саласындағы бағдарламалары жөнінде "ЮНЕСКО" Класстерлік бюросы директорының міндетін атқарушы Мейіргүл Алпысбаева баяндады.

"Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасы шеңберінде республиканың 700-ден астам мектебі оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту; мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу және балаларды салауатты өмір салтына ынталандыру бойынша іс-шаралар өткізеді. Осы ретте, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі доктор Кэролайн Кларинваль  атқарылған жұмыстар жайлы айтты.

Балалардың қозғалыс белсенділігінің шектелуі мен оқшаулану жағдайында ақпараттық ағынының артуы денсаулыққа да, олардың психоэмоционалды жай-күйіне де теріс әсерін тигізеді. Пандемиядан кейін Жаңаша өмір сүруді үйренуге тура келеді, яғни спорт пен дене шынықтыру өмірлік дағдылар мен басты құндылықтарды қалыптастырудың, қиын жағдайларға төзімділікті арттырудың құралы ретінде қиындықтарды жеңудің үлгісі болуы керек. "ЮНЕСКО" Кластерлік бюросының Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының жетекшісі Мясоед Арина аталмыш тақырып туралы ойларын ортаға салды.

Еліміздегі актуалды мәселенің бірі - қазіргі заманғы технологиялардың дамуына байланысты жасөспірімдер мен балалардың дене белсенділігінің төмендегені. Осыған орай, «Ұтқырлық және физикалық белсенділік балалар арасында семіздік пен артық дене салмағының төмендеуінің факторы ретінде. Еуропа елдерінің озық тәжірибелері»  тақырыбында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметкері  Ақбота Әбділдина баяндама жасады.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Украина Ғылым Академиясының толық мүшесі, Украинаның ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері, Украина Ұлттық Олимпиада комитетінің Вице-президенті, Украина Олимпиада академиясының президенті, " Булатова Мария Михайловна Булатова Мария Михайловна "Жалпы білім беретін мектептегі Олимпизм» тақырыбында  тәжірибесімен бөлісті.

Соңғы жылдары білім саласы тың жаңалықтарға толы. Солардың бірі – жаңартылған білім беру мазмұны.  Осы мәселе бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Көптілеуова Сәнзия Қантөреқызына сөз берілді.

4-тоқсандағы мұғалімдердің қашықтан оқыту тәжірибесін зерттеу нәтижесінде «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» мамандары әзірлеген «Дене шынықтыру» пәнінен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды» Осы жөніде Орталықтың зертхана жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Тұяқбаева Меруерт Шекейқызы таныстырды.

Нұр-Сұлтан қаласы, №64 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің аға оқытушысы Орманбекова Ләззат Сансызбайқызы қашықтан оқыту бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша бейнеролик көрсетілді. Онлайн конференцияның қорытынды отырысы ертең, 14 тамыз сағат 11:00-де Zoom платформасында жалғасады.