Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Волонтер болу – еріккенің ісі емес

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық еріктілерден құралған «Дос» іздеу жасағы қоғамдық тәртіпті сақтауға және хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіруге белсенді атсалысып келеді. Полиция департаменті таяуда оларды ақшалай сыйақымен марапаттаған еді. Еріктілер ол қаржыға көктен бақылау жүргізетін арнайы құрылғы сатып алды.

Волонтер болу – еріккенің ісі емес

– Біз еріктілермен тәулік бойы байланыстамыз. Олар хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге түн ортасында қосылған жағдайлар болды. Көбіне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады, бізбен бірге жүріп тұрғындарға карантиндік шараларды сақтаудың маңызды екенін түсіндіреді, – дейді жергілікті полиция бөлімінің бастығы Марат Сахратов.

Жыл басынан бері аймақта із-түзсіз кеткен 30-дан астам адам еріктілердің көмегімен табылып отыр. Полиция департаментінің басшылығы қоғамдық тәртіп күзетіне белсенді атсалысқан үздік еріктілерді тоқсан сайын ақшалай көтер­мелеп отыруды көздеп отыр. Бүгінге дейін тәртіп сақ­шылары 14 адамға ақшалай сыйақы табыс еткен. Полицейлердің айтуынша, мұндай тәжірибе әлі де жалғасатын болады.

– «Дос» еріктілер жасағында екі жүзге жуық адам бар. Дені – жастар.

Біз Полиция департаменті берген ақшаға бұған дейін рация, жилет, тағы да басқа қажетті құралдарды сатып алғанбыз. Енді, міне, кезекті сыйақыға көптен бері қол жеткізе алмай жүр­ген көктен бақылап, бейнетаспаға жазатын ұшқыш дрон сатып алып отырмыз. Бұл із-түзсіз кеткендерді іздестіру кезінде таптырмай­тын құрылғы, – дейді еріктілер жасағының үйлес­тірушісі Олеся Логошиновская.

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар