Футбол • 25 Тамыз, 2020

Мессидің құны – 700 млн еуро!

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді кімде-кім өз командасында көргісі келсе, онда келісімшартта көрсетілгендей сатып алушы тарап «Барселона» командасына өтемақы ретінде 700 млн еуро төлеуі керек.

Мессидің құны – 700 млн еуро!

Mundodeportivo.com-ның хабарлауын­ша, егер Месси команда ауыстырғысы келсе, «Бар­­селона» шабуылшының талап-тіле­гін орын­дау үшін кез келген клубқа жібе­руге дайын. Алайда каталониялық клуб келісім­шарт мерзімі 2021 жылдың жазында аяқта­ла­тын Леоны командада қал­дыру үшін барлық жағдай жасайтынын айтады.

Бұған дейін Мес­­сиді сатып алуға ПСЖ, «Ювентус» және «Ин­тер» командалары қызығушылық таныт­қан болатын.