Абай • 25 Тамыз, 2020

Хакімнің ізгі мұратын жалғастыру – басты міндет

434 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың мұрасын «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналдыру қажеттігіне баса назар аударып, Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай мерейтойды тойлау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осы орайда, Көкшетауда маңызы зор, мәні мәйекті халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Хакімнің ізгі мұратын жалғастыру – басты міндет

Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, «Ы.Алтын­сарин», «Құрмет» ордендерінің иегері Ахат Нұртас Ахатұлы бас­таған Ж.Мусин атындағы Көк­шетау жоғары қазақ педа­гогикалық колледжі «Абай мұра­сы және қазіргі білім беру» та­­қы­рыбында халықаралық ғы­­лыми-практикалық конферен­ция өткізуді кешенді білім бағ­дарламасына енгізген болатын. Облыстық білім басқарма­сы­ның жұмыс жоспарына, кейін Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына ұсынылған бастама қолдау тауып, министрлік тарапынан келісімге ие болды. 

Халықаралық ғылыми-прак­ти­калық конференция ар­қылы қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, философ, ағартушы, қазақ­­тың жазба әдебиетінің негі­зін қалаушы ұлы хакімнің мол мұрасын, білім және ғылымға, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу және болашақ ұрпаққа насихаттау мақсат етілді. Қазақстандағы жа­ңар­­тылған білім беру маз­мұнына байланысты мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бас­тауыш білім беру, негізгі білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру мәселелерін талқылау көзделді.

Халықаралық білім беру өкілдерінің тікелей қатысуымен кең форматта жобаланған ғы­лыми-практикалық конферен­ция қазіргі еліміздегі COVID-19 коронавирус індетіне байланыс­ты қатаң карантиндік ша­ра­­лар­дың жүргізілуіне орай онлайн режімінде қашықтан өт­­кізілді. ZOOM платформасы арқылы тікелей бейнебайланыс фор­матында өткен конферен­ция­ны колледж директоры Нұртас Ахатұлы жүргізіп отыр­ды. Онлайн-конференция Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Таткеев, Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова және облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтің құттықтау сөз­дерімен басталды. Пленарлық мәжі­лісте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жө­ніндегі проректоры, филоло­гия ғылымдарының докторы, про­фессор, Ұлттық ғылым акаде­мия­­сының академигі Дихан Қам­­за­бекұлы, Башқұртстан Рес­пуб­ли­касының «Сибай педаго­ги­калық колледжінің» ОКББ ММ директоры, педагогика ғы­лым­дарының кандидаты, до­цент Ильдар Хамитов, Ж.Бала­сағұн атындағы Қырғыз ұлттық уни­верситетінің Кәсіптік колледж директоры, экономика ғы­лым­­дарының кандидаты, доцент Аскар Акматов, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры, филология ғы­лым­дарының кандидаты, Қазақ­стан ПҒА корреспондент мүшесі Шағангүл Жанаева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің стратегия және инфрақұрылымды дамыту жө­ніндегі проректоры, геология-минералогия ғылымдарының кан­дидаты, Қазақстан Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры Темірхан Жарқынбеков, Қазақ­стан Республикасы Педа­го­ги­калық ғылымдар акаде­мия­сы­ның Президенті, педагогика ғылым­дарының докторы, профессор Асқарбек Құсайынов сынды ғалымдар қатысты. Пленарлық мәжіліс соңында Сибай педа­го­гикалық колледжі және Ж.Ба­ласағұн атындағы Қырғыз ұлт­тық университетінің Кәсіп­­тік колледждерімен ынтымақ­тас­тық орнату мақсатында мемо­рандумдарға қол қою рәсімі өтті. Бұл – болашақта Ж.Мусин атын­дағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің халық­аралық қарым-қатынас жүйе­сін одан әрі жетілдіру мақ­сатында жасалып отырған игі қадам.

1

Конференцияның «Кәсіптік білім беру: тәжірибе және перспективалары», «Ғылым, білім және инновация», «Абай тағылымы – адами құндылықтар өлшемі» атты секциялық жұмыстарында Саха Республикасының Якутия медициналық колледжі, Алтай Республикасы, Ш.Уәлиханов атын­дағы Көкшетау мемлекет­тік университеті және респуб­ликамыздың педагогикалық колледждерінің оқытушылары мен студенттері баяндама оқып, тыңдаушылардың ыстық ықыла­сына ие болды.

Жалпы саны 400-ге жуық қа­­тысу­­шы қамтылған он­лайн-конференция барысын­да ұлы Абайдың рухани мұра­сы, бі­лім және ғылымға, ұлт­тық құн­д­ылықтарға қатысты көз­қарас­­тары талқыланды. Қазақ­стандағы жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бас­тауыш білім беру, негізгі білім беру, техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері талданды. Елі­міздегі қолданбалы бака­лав­риаттың концептуалды тәсіл­дері мен ұстанымдарын саралай отырып, жоғары білім беру мен техникалық және кәсіп­тік білім берудің кәсіби бағдарла­маларының интеграциясын қам­тамасыз ететін қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын ен­гізу жолдары қарастырылды. Білім берудің мәселелері шетел­дік білім жүйесімен салыстыра тал­қы­ланып, бүгінгі жағдайдағы қашық­тан оқытудың басты проб­ле­малары зерделенді.

Өршіген індетке байла­ныс­ты жаңаша форматта өткен келелі жиында дәстүрлі әншілер тобының «Абайға арнау» әні­­нің, «Самғау» студенттердің бірік­кен хорының «Абайға жүгін, адамзат» атты жаңа әнінің, «Наркескен» ер балалар хорының орындауында «Абай-Гималай» әнінің тұсаукесер бейнебаяны көрсетілді. Нұртас Ахатұлының бастамасымен ұсынылған бейнебаян қалың тыңдарманға ерекше әсер етіп, халқымыздың ұлы перзентіне деген мақтаныш сезімін оятып, жүректің қылын шерткендей болды.

Бұған қоса, конференция ая­сын­да колледждің 30 жыл­ды­ғы­на арналған «Тәуелсіз­дік­­пен тағдырлас білім ордасы» ат­ты эн­циклопедиялық-альбом­дық кі­­­тап пен филология ғылым­да­ры­­ның кандидаты, Қазақстан Пе­­да­­гогикалық ғылымдар ака­де­миясының корреспондент мүшесі Аян Қажыбайдың «Сөз құдіреті» атты кітабы жарыққа шықты. Көкшетау өлкесінің кәсіптік білім беруінің баста­уында тұрған оқу орнының тарихына арналған алғашқы ең­бек­те колледждің кеңестік кезеңі (1920-1955 жж.) және қайта құ­рылған 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі ғұмыры қамтылған. Білім ордасы туралы мұрағат және фото құжаттарды, оқытушылар мен түлектердің естеліктерін негізге ала отырып құрастырылған жинақта колледждің білім және тәрбие беру ерекшеліктеріне, басқару құрылымы мен жетістіктеріне үлкен мән берілген. Ал «Сөз құдіреті» атты ғылыми еңбекте қазақ және орыс тілін тең дәре­жеде меңгерген әдебиетші-ғалым, педагог-ұстаз Аян Төле­ген­­ұлының таңдаулы ғылыми зерттеулері, әдеби сын ой-тол­ғам­­дары, ғылыми-көпшілік мақа­лалары және эсселері енген.

Халықаралық ғылыми-прак­­­ти­калық конференцияға «КӨРМЕ-30: Кәсіптік-педа­гоги­калық білімдегі заманауи пара­дигма» педагогикалық вер­нисажының шағын форматы жасалды. «Мектепке дейінгі білім берудің практикалық алаңы», «Инновациялық технология орталығы», «Ғылым. Ізденіс. Тәжірибе», «Шығармашылық еркіндік орталығы» атты жұмыс аймақтарынан тұратын көрме заманауи үлгіде әзірленді.

Ұлттық мұрамыздың бастауында тұрған ұлы Абайдың халық­аралық деңгейде насихатталуы өскелең ұрпақтың бойында із қалдырары анық. Хакімнің ізгі мұратын жалғастыру – басты міндетіміз!

 

КӨКШЕТАУ