Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Б.Сағынтаев: Кезекші топтардағы балалардың қауіпсіздігі – айрықша бақылауда

1289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" ТА-ның Akimat Live бағдарламасы барысында алматылықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, карантин жағдайында жаңа оқу жылына дайындық туралы айтып берді., деп хабарлайды Egemen.kz.

Б.Сағынтаев: Кезекші топтардағы балалардың қауіпсіздігі – айрықша бақылауда

Ең алдымен, кезекші топтардың жұмыстарын ұйымдастырған кезде санитарлық талаптарды сақтау бақылауға алынатын болады. Олар – дезинфекциялық туннельдерді, термометрияны, санитайзерлерді орнату және бетперде тағу.

"Кезекші топтардағы балалардың қауіпсіздігі - ерекше назарда", деп атап өтті Б. Сағынтаев

Оқушы парталарының арасы 1 шақырым қашықтықта, парталар мен орындықтар әр балаға жеке бекітілген. Әр сабақ өткен сайын сыныптар іші желдетіледі және кварц жүргізіледі, оқушылар мен мұғалімдер қолдарын жуып, антисептиктермен сүртетін болады. Мектептерде медициналық кабинеттер және мектеп инспекторлары тұрақты жұмыс жасайтын болады. Қаланың барлық мектептері туннельдер, санитайзерлер, тепловизорлар, аяқкиім кілемшелері сияқты дезинфекциялық және санитарлық қауіпсіздік заттарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілген.

Қашықтан оқыту үшін 75 мыңнан астам оқушы және 2 мың мұғалім компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, интернет және ұялы байланыс желілерінің қай жерлерде қаншалықты төмен екенін анықтау үшін мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 169 мекенжай (локациялар) анықталды, бұларда интернет сапасы төмен, тіпті кейбір жерлерде мүлдем жоқ. Шамамен 60 нүкте анықталды, бұларға ұялы операторлардың базалық станцияларын орнату жоспарланған.

Бірқатар мекенжайлар бойынша тарату желілері күшейтіледі немесе қосымша желілер орнатылатын болады.

Интернет желісіне мұқтаж 22 мыңнан астам оқушы ұялы мәліметтері бар SIM-карталармен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, интернеті жоқ мұғалімдерге мектептерде қажетті санитарлық шараларды қамтамасыз ете отырып, онлайн-сабақтар өткізуге мүмкіндік беріледі.

Ата-аналардың шағымдары мен өтініштеріне дереу назар аудару үшін қаланың барлық аудандарында Колл-орталықтар, ал Білім басқармасында Телеграмм бот құрылған. Инстаграмм және Facebook әлеуметтік желілерінде парақшалар ашылған.