Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Е. Тоғжанов атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауы ел дамуының нақты векторларын анықтап берді, оның ішінде еліміздің әлеуметтік саласын жаңғырту мен азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру — мемлекет саясатының басты басымдығы екенін көрсетті.
"Біріншіден, тұрғын үй мәселелері неғұрлым белсенді шешілетін болады. Азаматтық қоғамның қажеттілігіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысына өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беру мүмкіндігі келесі жылдан іске асырыла бастайды", — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
Бұл дегеніміз — 721 мыңнан астам азаматтың тұрмыс сапасын арттыру мүмкіндігі, әлеуметтік мәселесінің шешімі. Қазақстандықтар тұңғыш рет зейнетақы жүйесіне қатысады. Сонымен қатар мемлекет тұрғын үйді жалдау ақысының құнын субсидиялайды, бұл бірінші жылы 100 мың қазақстандық отбасын қолдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, отбасылық-демографиялық жағдай жақсарады. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, өкінішке орай, әрбір алтыншы қазақстандық отбасы үшін балалы болу — орындалмай отырған арман. Сондықтан, 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы іске қосылады. Экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) квоталарын 7 мыңға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
"Үшіншіден, әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы қалыптастырылатын болады. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік қауіпсіздігі 17 заңмен және ондаған заң актілерімен реттеліп отыр. Алда – қағазбастылықты азайтып, халықтың қолжетімділігін жеңілдету мақсаты тұр. Осыған орай, Үкімет еліміздің бірыңғай әлеуметтік кодексін әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл барлық нормативтік-құқықтық базаны біріктіруге және жүйелеуге мүмкіндік береді", — деді вице-премьер.
Төртіншіден, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру немесе оларды электрондық форматқа көшіру жұмысы жалғасады. Мемлекет басшысы айтқандай: адамдар емес, деректер "жүгіру" тиіс деген қағида іске асырылады.
Үкімет білім беру сапасындағы алшақтықты болдырмау үшін шаралар қабылдайды Келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға артады. 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балалар жеке инвестицияларды тарту есебінен мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз етіледі. Е. Тоғжанов атап өткендей, ата-аналар кез-келген балабақша мен мектепті өздері таңдай алады, оларды таңдауда шектеулер болмайды.
"Мектептерді "дарынды" немесе "қарапайым" балаларға арналған деп бөлмей, барлық мектепке ерекше көңіл бөлінеді. Үкімет тең жағдай жасау үшін кешенді шаралар қабылдайды. Бұл білім сапасындағы алшақтықты болдырмау үшін өте маңызды", — деді ол.
Онлайн білім беру платформалары үшін функционалдық мүмкіндіктерді жақсарту және бірыңғай талаптарды айқындау мәселесі пысықталады.
"Қазір білім уақыты. Күн сайын жаңа білім пайда болады. Біз жаңа білімді тез игеріп қана қоймай, оларды қалыптастыруды үйренуіміз керек. Бұл біздің ұлтымыздың қаншалықты бәсекеге қабілетті екенін анықтайды. Сондықтан біздің басты міндетіміз — қазақстандықтарды өмір бойы оқытуға негіз қалау, жаңа шындыққа бейімделуге қабілетті болу", — деп атап өтті Е. Тоғжанов.
Осыған байланысты Үкімет адам капиталын дамыту үшін жүйелі құжатқа айналатын үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлейді. Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағы шағын және орта бизнестің қарқынды дамуымен тығыз байланысты екенін бірнеше рет атап өтті. Ол үшін қазірдің өзінде кәсіпкерлердің жаңа толқынын дайындау қажет. Сондықтан білім берудің барлық деңгейлерінде — мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін "Кәсіпкерлік негіздері" пәні енгізіледі. Осындай тәсіл өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеу бойынша қолданылатын болады. Тек дені сау ұлт зияткер бола алады Президент өскелең ұрпақтың жан-жақты тұлғасын қалыптастыруға: спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, "балалар үйірмелерінің" қызметін жаңғырту бойынша қосымша шаралар пысықталады.
Сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын жабу жөніндегі жұмыс күшейтіледі. Ғылымды дамыту басымдыққа айналады Президенттің тапсырмасы бойынша "Жас ғалым" жобасына 1000 грант бөлінеді. Жер қойнауын пайдаланушылардың табыстарынан ғылым мен технологияларды дамытуға 1% аудару міндеттілігі үлкен реформа болады. Бұл шешім біздің экономикамыздың негізгі салаларының бәсекеге қабілеттілігін түбегейлі арттыруға бағытталған: өнеркәсіп, жасыл экономика, жаңа технологияларды енгізу және т. б. Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударылады
Біріншіден, Үкімет II жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстеме ақыларын төлеуге 150 млрд теңге бөледі.
Екіншіден, халықаралық стандарттарға сәйкес денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады: биылғы қазан айына дейін 13 жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын аяқтау жоспарланған;
2021 жылдың желтоқсан айының соңына қарай Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 500 төсек-орыннан жұқпалы аурулар бойынша 2 көпбейінді ғылыми-зерттеу орталығы салынады; 2021 жылғы желтоқсанға қарай Нұр-Сұлтан қаласында протон, сәуле, лазерлік терапия, сондай-ақ ядролық медицина технологияларын қоса алғанда, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған ең озық жабдықтары бар бірегей ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталады.
Бұл еліміз үшін маңызды нысан. Себебі онкологиялық аурулармен диспансерлік есепте 187 мың қазақстандық тұр; 2025 жылға дейін халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің барлық түрін көрсете отырып, заманауи 20 көпбейінді аурухана салынады. Бұл мақсатқа 1,5 трлн теңге инвестиция бағытталады.
Үшіншіден, Үкімет медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту бойынша тиісті жоспар әзірлейді, өңірлерге 100-ден астам жылжымалы автокешен, отандық өндірістің 1100-ден астам санитарлық автокөлігі сатып алынады.
"Төртіншіден, отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылады. 9. Біздің міндетіміз — дәрі-дәрмектердің өзіндік өндірісін қамтамасыз ету үшін фармацевтика өнеркәсібін дамудың жаңа деңгейіне шығару. Осыған байланысты Үкімет арнайы кешенді жоспар қабылдайды", — деді вице-премьер.
Бесіншіден, медициналық кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді болжамы жасалады, сондай-ақ аз кездесетін мамандықтарды: эпидемиологтарды, инфекционистерді, реаниматологтарды, пульмонологтарды, кардиологтарды даярлау тәсілдері қайта қаралады.
Қазақстанда қоғамдық кеңестердің рөлі артады
Сондай-ақ Ералы Тоғжанов Президент Жолдауының негізгі мақсаты — әр азаматтың тұрмыс сапасын арттыру арқылы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру екеніне тоқталып өтті. Ол үшін рухани, тарихи құндылықтарға негізделген, заманауи талаптарға жауап бере алатын ұстанымдар қажет.
Осы мақсатта қоғамдық кеңестердің рөлін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бүгінгі таңда заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. Оның шеңберінде кеңестердің сапалық және сандық құрамын жақсарту, олардың жұмысының тиімділігі мен жариялылығын арттыру көзделуде.
Ал, қоғам тарапынан тиімді ұсыныстар мен белсенділік, тәртіптік бақылау мен азаматтық парасаттылық қағидаларын сақтау, жоғары мәдениеттілікті тәрбиелеу қажет.
Сонымен қатар Үкімет БАҚ, телерадио хабарларын тарату және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруді көздейтін ақпарат мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру мақсатында қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларды заман талабына сай қайта қарау, толықтыру жұмысы жүргізіледі. Дегенмен, ескеретін жайт – қоғам тарапынан ой-сананы кеңейту, рухани даму бағытындағы жаңа ұстанымдарды қабылдау, жаңа жобаларды іске асыруда белсенділік қажет", — деп түйіндеді Е. Тоғжанов.
«Bi Global» компаниясының жоба жетекшісіне айыппұл салынды
Елорда • Бүгін, 17:31
Аида Балаева халық алдында есеп береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Түркістан облысында бетон шығаратын зауыттың іргетасы қаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:15
«Новая волна-2021»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?
• Бүгін, 17:00
Бас мүфти жетім балаларға жәрдемдесті
Қоғам • Бүгін, 17:00
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:39
Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:37
2,4 млн теңге пара алып, 72 миллион теңге айыппұл төледі
Қоғам • Бүгін, 16:35
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті
Әлем • Бүгін, 16:14
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 16:01
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Бүгін, 15:41
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:38
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 15:30
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Бүгін, 15:21
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Бүгін, 15:09
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Бүгін, 15:00
Қоғам • Бүгін, 15:00
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:48
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Бүгін, 14:29
Аралда есірткіні заңсыз тасымалдағандар жазаларын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде
Аймақтар • Бүгін, 14:09
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Бүгін, 13:42
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 13:27
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:04
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс
Үкімет • Бүгін, 13:00
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Алматыда тағы бір сауда орталығына жарылғыш зат қойылды
• Бүгін, 12:43
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Бүгін, 12:36
Экономика • Бүгін, 12:30
«Ashyq» қосымшасына тіркелген нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:13
ЕҰУ мен Оңтүстік Калифорния университетінің профессорлары бірлескен конференция өткізді
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Нұрлан Нығматулин: Салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында
Қазақстан • Бүгін, 11:38
Елордада карантин талабын сақтамаған 734 мекеме анықталды
Елорда • Бүгін, 11:30
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Бүгін, 11:29
Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа жегілді
Қоғам • Бүгін, 11:24
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Бүгін, 11:15
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 10:57
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Энтони Блинкен: АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Саясат • Бүгін, 09:41
Қазақстанда 32 адам коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:35
Петропавлда есірткі зертханасы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:19
Теңіз жаяу әскерлері жас сарбаздармен толықты
Қоғам • Бүгін, 09:18
Төрт боксшымыз бас жүлде үшін таласады
Спорт • Бүгін, 09:09
Елімізде бір тәулікте 2307 адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өскемен, Семей, Аягөз – «қызыл аймақта»
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Қыран қанатында қалықтаған жыр
Руханият • Бүгін, 08:43
Руханият • Бүгін, 08:39
Электронды коммерцияны дамытуға бағытталған жоба
Экономика • Бүгін, 08:36
Қайырымды істер марафоны жалғасуда
Руханият • Бүгін, 08:33
АҚШ климаттың жылынуына алаңдаулы
Әлем • Бүгін, 08:30
Индонезияда сүңгуір қайық жоғалып кетті
Әлем • Бүгін, 08:29
Жаңа терминал инвестициялық әлеуетке серпін береді
Экономика • Бүгін, 08:25
Мемлекет кепілдігімен кәсіп ашқан ана
Қоғам • Бүгін, 08:21
Руханият • Бүгін, 08:15
Ұқсас жаңалықтар