Спорт • 03 Қыркүйек, 2020

"Барселона" Мессиді сатып алатын командаға жеңілдік жасайтын болды

12 рет көрсетілді

"Барселона" команданың капитаны Лионель Мессиді 700 миллион еуроға емес, одан шамалы арзанға сатуға келісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

The Telegraph басылымының ақпараты бойынша, каталониялық команда аргентиналық футболшыны 100 миллион еуроға сататын болып шешіпті. 

2 қыркүйек күні "Барселона" президенті Хосеп Бартомеу мен Мессидің әкесі Хорхе Месси кездесу өткізген. Бірақ бұл кездесуде екі тарап бітімге келе алмаған. 

Мессиді сатып алушылардың көшін "Манчестер Сити" командасы бастап тұр. Ағылшындық команда шабуылшының өзімен бес жылдық келісімге келген. Бұл шартнама бойынша футболшы 700 миллион еуро жалақы алады. 

Капитан командадан Чемпиондар лигасында "Бавариядан" 2:8 есебімен жеңілгеннен кейін кетемін деп шешіпті. Ол биыл "Барселонамен" бірде-бір жүлде жеңе алмады. 

Месси - "Барселона" тәлімгері. Ол командаға 2000 жылы қосылып, бүкіл карьерасын осы ұжымда өткізген. Биыл шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пас берді.
Соңғы жаңалықтар

Амманға аттанды

Спорт • Кеше

Қадір түнінің қасиеті

Руханият • Кеше

Алматы қаласында жер сілкінді

Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Ұқсас жаңалықтар