Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Әбілқайыр Сқақов Павлодардағы емханалар мен ауруханалардың жұмысымен танысты

208 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Облыс әкімі медицина мекемелерінің дәрігерлерімен және пациенттерімен әңгімелесті, сондай-ақ жаңа корпустар мен модульдік аурухананың құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Әбілқайыр Сқақов Павлодардағы емханалар мен ауруханалардың жұмысымен танысты

Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, аймақ басшысы №1 емханада алғашқы медициналық-санитарлық қызметтің қалай жұмыс істейтінін  бағалады. Медициналық мекеме негізінде пациенттерге кеңес беретін анықтама қызметі ашылды.

Бас дәрігер Алтай Төребаев атап өткендей, тіркелген пациенттердің көпшілігі қабылдауға алдын ала онлайн-жазба бойынша келеді - бұл орташа есеппен 10 адамның 9-ы. Бүгінде медициналық мекемеде алаңдарды кеңейту және балалар консультациясы корпусының құрылысы жоспарлануда. Жобаны объективті бағалағаннан кейін әкімдік оны қолдау мүмкіндіктерін қарастырады. Емхананың дәріханасында аймақ басшысы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын дәрілердің тізімін іліп қоюды ұсынды.

"Бронх демікпесімен, қант диабетімен және басқа да созылмалы аурулармен ауыратын науқастар оларға қандай медициналық препараттардың тегін берілетінін білуі тиіс", - деп атап өтті әкім. - Адамның өзіне тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектерді сатып алмауы үшін дәріханаларда ақылы және тегін дәрі-дәрмектер арасындағы шекара белгіленуі керек.

№1 қалалық аурухана аумағында қосымша орынжай құрылысы жалғасуда. Жаңа корпуста қабылдау бөлмесі, сондай-ақ операциялық және реанимациялық блоктар орналасады. Мердігерлер барлық жұмыстарды қыркүйек айының ортасында аяқтауға уәде беріп отыр.
456e2245-5db2-4c6b-b7c5-a7ef71107f38.jpg
"Жаңа корпусты іске қосу пациенттерді ауруханаға жатқызу және сұрыптау процесін жеделдетуге мүмкіндік береді", - деді медицина мекемесінің бас дәрігері Нұрлан Жұмажанов. - Мұнда жедел жәрдем дәрігері, реаниматологтар мен хирургтар жұмыс істейтін болады. Жаңа корпустағы жабдықтардан сандық рентген аппараттары мен сараптамалық кластағы УДЗ аппараттары қарастырылған.

cf7cb45d-bda4-4099-ad7a-5e7c3df4b455.jpg
Әбілқайыр Сқақов №1 емхана мен №1 қалалық аурухана маңайындағы ыңғайлы кіреберістер мен тұрақтардың жоқтығы мәселесін атап өтті. Өңір басшысының айтуынша, тиісті инфрақұрылымды құру пациенттерге ыңғайлы болу үшін ғана емес, науқастарды жедел ауруханаға жатқызу үшін де қажет.

Екінші Павлодар жақта әкім Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың инфекциялық аурулар бөлімінің жаңа корпусы салынып жатқан учаскеде болды. Әбілқайыр Сқақов құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын тәжірибелі сметашылар мен құрылысшылар тобының бақылауын талап етті.

3b5490d9-76db-4892-94c1-c02e2f92b8ce.jpg

"Өткен дүйсенбіде біз провизорлық стационардан соңғы науқасты шығардық. Барлығы екі жақты пневмониямен ауыратын 3,5 мыңға жуық науқасты емдедік", - деді облыстық аурухананың бас дәрігері Арман Мұсабеков. - Инфекциялық бөлімшеде 48 пациент бар, барлығы 777 адам емделіп шықты. Біз 21 жаңа өкпені жасанды желдету аппаратын алдық, қазір бізде 50-ден астам ӨЖЖА бар. Жақын арада біздің медициналық мекеме негізінде оттегін үздіксіз беруге арналған станция орнатылады.

Облыстық аурухананың көз бөлімінде өңір басшысына заманауи офтальмологиялық құрал-жабдықтар көрсетілді. Бұлардың арқасында әртүрлі күрделі операцияларды жүргізуге болады. Әкім технологияның дамуымен, тіпті кішкентай балалар смартфондар мен басқа да гаджеттерді қолданып отырған кезде, көз ауруларының алдын алу мәселесі өте өткір тұрғанын атап өтті.

2f93e51a-29dc-4cdc-9462-f6219f7d1811.jpg

"Қазір тіпті 5-6 жастағы балалардың көру қабілетінің күрт нашарлауы байқалады, өйткені біз девайстарды пайдалану және дұрыс оқу мәдениетін үйретпейміз", - деді Әбілқайыр Сқақов. Бұл ақпаратты тұрғындарға жеткізу және осы бағытта емханалармен, мектептермен және ата-аналармен дұрыс жұмыс жасау қажет. Көру қабілетінің нашарлауын ерте анықтауға назар аудару керек. Алдын алу одан әрі тексеруден немесе операциядан гөрі арзан түседі.


Өңір басшысы онкологиялық диспансерде де болды. Бүгінде онкологтар жаңа ғимаратта жұмыс істеп, желілік үдеткішті іске қосуға дайындалуда. Пандемия жағдайында дәрігерлерде жабдықты орнату үшін мамандарды шақыруға мүмкіндік болмады, бірақ жылдың соңына дейін бұл мәселе шешілуі керек.

 74ba0691-4370-4986-b2b1-715d7e481085.jpg

"Желілік үдеткіш кез-келген ісікті, оның ішінде мидағы ісікті емдеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті онкодиспансердің бас дәрігері Мұрат Сүлейменов.

Қазір осы жабдықпен жұмыс істеуді үйрету мәселесі шешілуде. Біздің мамандар Латвияда дайындықтан өтеді деп жоспарлануда.

e2cb6864-fa7f-4a5f-a91a-ba16892301b2.jpg
№3 емханада облыс әкімі онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды алғашқы медициналық-санитарлық қызмет деңгейінде анықтау керектігін еске салды. Бүгінгі таңда медициналық мекемеде бірінші және екінші сатылардағы қатерлі ісікке жағдайдың 65%-ында диагноз қойылады. Алайда, Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, Павлодар облысының алғашқы медициналық-санитарлық көмегі бұл көрсеткішті арттыруы қажет.
7e807562-1b42-4b8f-9e7a-ff4e8a945ab5.jpg
Облыс әкімі модульдік инфекциялық аурухана салынып жатқан алаңда да болды. Мердігер ұйым іргелес аумақты және кірме жолдарды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізу міндеттемесін де өз мойнына алды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше