Коронавирус • 06 Қыркүйек, 2020

Елімізде пневмониямен 423 адам ауырып, 3 адам көз жұмды

828 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 6 қыркүйекте коронавирустық инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 31 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 761  науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде пневмониямен 423 адам ауырып, 3 адам көз жұмды

Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.   

2020 жылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 423 жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 83 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамыздан 6 қыркүйекке дейін:

Науқастар саны – 27 623, өлім жағдайлары - 313, барлығы 5957 адам сауығып шықты.