Қоғам • 06 Қыркүйек, 2020

Елордада қараусыз жүрген жануарлар жағдайын жақсарту жұмыстары тұрақты жүргізіледі

830 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан әкімдігі зооқорғау ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада қараусыз жүрген жануарлар жағдайын жақсарту жұмыстары тұрақты жүргізіледі

Мамандардың айтуынша, жануарларды изоляторда ұстау мерзімін қысқартуды негізсіз деп санайды. "Астана ветсервис" міндеттерінің бірі қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың да, ересектердің де өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.

ҚР Президенті Жолдауының тапсырмаларын іске асыра отырып, әкімдік қараусыз иттер мен мысықтар үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

"Қараусыз қалған жануарларға арналған жаңа питомникке қатысты қазіргі уақытта аталған нысанды пайдалану мәселесі жобалық мақсатын ескере отырып, оны тиімді пайдалану үшін, сондай – ақ жануарларға жауапкершілікпен және ізгілікпен қарау туралы қабылданған курсты қолдау және дамыту мақсатында осы мәселеге қарасты министрліктер мен ведомстволармен заңнамалық деңгейде пысықталып жатқанын хабарлаймыз", - деп түсіндірді мамандар.

Сондай-ақ, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын әзірлеу және бекіту әкімдіктің құзыретіне кірмейді. Әзірлеуші экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.

Айта кету керек, иелерінің жауапсыз қарым-қатынасына байланысты жануарлар көшеде қараусыз жүреді. Демек жануарлар алдындағы барлық жауапкершілікті түсіну керек және балаларға кіші жасынан бастап тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілік пен қамқор болуды үйрету қажет.