Қоғам • 06 Қыркүйек, 2020

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері қайтыс болды

2447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нысана көздеуден 1996 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, елімізге еңбек сіңірген спорт шебері Сергей Беляев 60 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан спорттық ату федерациясының хабарламасына сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері қайтыс болды

"Сергей Николаевич Қазақстандағы ату спортының тарихында өшпес із қалдырып, нысана көздеу спортының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Көптеген чемпионды тәрбиеледі. Туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген Қазақстан спорттық ату федерациясының хабарламасында.