Пікір • 07 Қыркүйек, 2020

Әділетті мемлекет құру – басты мақсат

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында дамудың ең басты приоритеті азаматтарымыздың әлеуметтік жағынан қамтылуы екенін атап көрсетті.

Әділетті мемлекет құру – басты мақсат

Соның ішінде 700 мың адамның 2021 жылдан бастап өздерінің зей­нет­ақы қорында жинаған қаражатының бір бөлі­гін жеке басының жағдайын жақсарту­ға жұм­­сауына рұқсат берілетіні туралы айт­қаны мыңдаған адам мен олар­дың отбасындағы жандарды бір қуантып тастаға­нын көруге болады. Осы күнге дейін бұл қара­жат­­тың пайдаға аспай қалуы мүмкін деп ойлап, сары уа­йымға салынып жүргендер бір серпіліп қалды. 

Сонымен бірге Президент заң үстемдігінің орнауы­на айрықша назар аударды. «Заң үстем­дігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіз­дігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономи­калық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды», деп атап көрсетті ол.

Президент қазіргі мемлекеттік органдар қыз­мет­керлерінің азаматтардың мәселелерін тың­дап, көрумен ғана шектелетініне назар аудар­ды. Жолдауда осы мәселеге назар аударылды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «әділетті мемлекет» құру тұжы­рым­дамасы. Азаматтардың мәселелерін тың­дап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең басты­сы – дұрыс және әділ шешім шығару қа­жет, деді Президент. Осыған байланысты мемле­кеттің жаңа стандарттарын жасаудың қажеттілігін атап өтті. Ал оны жасайтын құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі зор міндет жүктеледі. Сондықтан осы салаларға реформа қажеттігін айтты Президент. Осы және басқа да мәселелер әбден толғағы жеткен дүниелер екені даусыз.

 

Сәуле СҮЛЕЙМЕНОВА,

«Солтүстік Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасы

 

Солтүстік Қазақстан облысы