Білім • 07 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтанда колледж студенттеріне арналған онлайн-мектеп ашылды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда 4 колледж негізінде ақысыз онлайн-мектеп ашылды. Кәсіпкер Талғат Қожахметовтың айтуынша, онда студенттер жыл соңына дейін құрылыс саласына қатысты пәндер бойынша оқи алады деп хабарлайды Egemen.kz .

Нұр-Сұлтанда колледж студенттеріне арналған онлайн-мектеп ашылды

Бастаманы Нұр-Сұлтан политехникалық колледжі, "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола көлік колледжі , "Тұран" колледжі қолдап отыр.

"Жыл соңына дейін студенттерге BI Group қызметкерлері, дизайн, жобалау, құрылыс, жобалық-сметалық құжаттар, жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану, HR саласындағы кәсіби мамандар дәріс оқиды", - дейді Талғат Қожахметов.

Онлайн-мектепте медицина ғылымдарының кандитаты, жоғары санатты дәрігер, "Астана медицина университеті" АҚ жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасының доценті, BLS, ACLS халықаралық нұсқаушысы Алексей Кокошконың қатысуымен алғашқы сабақ өтіп, ол дәрісті тыңдаушыларға құрылыс нысандарындағы еңбек қорғау жайын айтып берді.

Соңғы жаңалықтар