Парламент • 09 Қыркүйек, 2020

Сенатор Қызылорда облысының медициналық мекемелеріне барды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына сапарлап барды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор Қызылорда облысының медициналық мекемелеріне барды

Сапар Жалағаш ауданында басталды. Қонақтар Жалағаш аудандық ауруханасының құрылыс барысымен танысты.

Қармақшы ауданы Төретам кентінде А. Әлназарова мен А. Ғиният № 80 орта мектепте болды. Оқу орнының ғимаратында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар, сондай-ақ, жергілікті ауруханада болды. Емдеу мекемесінің жұмысы туралы Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері айтып берді.

Сапар Байқоңырда жалғасты, онда қонақтар № 272 орта мектептің жөндеу жұмыстарымен танысып, қалалық көпсалалы ауруханада болды. Медицина мекемесінің ұжымымен кездесуде сенатор мен денсаулық сақтау вице-министрі мамандардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.

А.Әлназарова мен А. Ғиният Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының, Ұлттық сараптама орталығының филиалының, облыстық көпсалалы аурухананың және № 3 қалалық емхананың жұмысы туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар