Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020

Мүгедектікке жәрдемақы төлемі – 243 млрд теңге

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтарға мүгедектікке байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар түрінде 243 млрд теңгеден астам қаражат төленді.

Мүгедектікке жәрдемақы төлемі – 243 млрд теңге

2020 жылғы қаңтар-тамыз аралығында республикалық бюд­­жеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 193,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 49,6 млрд теңге бөлінді.

2020 жылғы тамыз айында республикалық бюджеттен мү­гедектікке байланыс­ты мем­лекет­тік әлеуметтік жәр­­демақы төлеуге 24,3 млрд теңге, асы­раушысынан айырылу жағ­дайы бойынша жәрдемақы төлеуге 6,1 млрд теңге бағыт­талды.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақы алушы­лар­дың саны 533,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағ­дайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 156,6 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойын­ша мемлекеттік әлеуметтік жәр­демақылар мөлшері мүге­дек­­тіктің тобы мен себебіне, қай­тыс болған (қаза тапқан) асы­рау­шының асырауында бол­ған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2020 жылғы 1 қыркүйекке мүге­­дектігі бойынша мемле­­кет­тік әлеуметтік жәрдем­ақы­ның орташа мөлшері – 45 651 тең­гені, асыраушысы­нан айрылу жағдайы бойынша мем­лекеттік әлеуметтік жәрдем­ақының орташа мөлшері 38 850 теңгені құрады.