Әлем • 14 Қыркүйек, 2020

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 6,5 миллионнан асты

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та коронавиус жұқтырғандар саны 6,5 миллионға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 6,5 миллионнан асты

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Америкада COVID-19 6 501 904 адамнан анықталып, 193 843 өлім тіркелді. 2,43 миллионнан астам адам жазылып шықты.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурыз күні жаңа коронавирус инфекциясына байланысты пандемия басталғанын мәлімдеген еді. Ұйымның мәліметі бойынша, әлемде 28,6 миллион адам коронавирус жұқтырып, 917 мың адам қайтыс болған.

Бразилияда 4 330 455 жағдай тіркелді, 3 387 309 адам сауығып шықты, 123 780 адам қайтыс болды.

Үндістанда 4 754 356 жағдай тіркелді, 3 723 206 адам сауығып шықты, 131 625 адам қайтыс болды.

Ресейде  1 059 024 жағдай тіркелді, 873 684 адам сауығып шықты, 18 517 адам қайтыс болды.