Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

ШҚО-да тұрғынның үйінен 50 келіден астам есірткі табылды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 қыркүйек күні Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімі басшысының жетекшілік етуімен "Транзит" жедел алдын алу шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысы, Серебрянск теміржолына жақын орналасқан жер үйлердің біріне тінту жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да тұрғынның үйінен 50 келіден астам есірткі табылды

Тінту барысында 45 жастағы азаматтың бақшасында, ауласында, шатырдың астында және үйінің ішінде полиэтилен пакеттерге салынған, өткір иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заттар табылды.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл заттар қарасора мен кептірілген марихуана болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 50 келіден асады.

Аталған факті бойынша есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімі жыл басынан бері есірткіге қатысты 13 қылмыс фактісін анықтады. Оның екеуі ауыр санатқа жатқызылған.