Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2020

Сән салоны, шаштараз демалыс күндері жұмыс істейді

788 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сән салоны, шаштараздың демалыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сән салоны, шаштараз демалыс күндері жұмыс істейді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында демалыс күндері сән салоны, шаштараз, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш. м.) жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады.