Күз бен қыс мезгілдерінде коронавирус инфекциясының қозуы байқалған жағдайда қиындықтардың алдын алу үшін елордадағы емдеу мекемелерін жабдықтау мен өзге де қажетті әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қаладағы медициналық ұйымдар коронавирус пен пневмонияны емдеуге қажет қосымша жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бүгінде ел астанасындағы эпидемиялық жағдай тұрақты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы күз бен қысқы кезеңде COVID-19-дың алдын алу және емдеу бойынша іс-шаралар жоспарын дайындап бекітті.
Өткен жаз айларында вирус жұқтырған адамдар нөпірі көбейгенде медицина ұйымдары алдынан шыққан проблемаларды шешу үшін бұл күнде 50-ден астам жасанды тыныс алу аппараты, 2 компьютерлік томограф, өкпенің зақымдану пайызын көруге мүмкіндік беретін 7 сандық рентген жүйесі, 3 оттегі резервуары қосымша сатып алынды. Сонымен қатар қаланың емдеу мекемелеріне 500-ден астам оттегі концентраторы, 250-ге жуық жасанды желдету тыныс алу аппараты, 300-ге жуық флоуметр, 500 көпфункционалды арнайы кереует жеткізілген.
Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бірқатар медициналық ұйымдарды аралап, күз және қыс айларында маусымдық аурулар – ЖРВИ мен тұмаудың көбеюін естен шығармауы қажеттігін айтып, мекемелердің COVID-19 індетіне дайындығын тексерді.
«Демалыс күндері карантин шараларын енгізу арқылы қалада COVID-19-ға қатысты ахуал тұрақталды. Медицина мекемелері мен қызметкерлерге ауыртпалық түспеуі үшін қатаң санитарлық нормаларды сақтауды жалғастыру қажет. Коронавируспен күреске дайындық тоқтамайды. 110 тоннадан астам дәрі-дәрмек сатып алынып, мекемелер медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Күзде өршитін ЖРВИ індетімен бірге коронавирусқа қатысты ахуал да күрделенуі мүмкін. Оған біздің барлық медицина ұйымдары дайын. Жақында медициналық жабдықтардан басқа жылжымалы флюорографиялық кешендер, сандық рентген жүйелері және жоғары дәлдіктегі желдеткіштер де келеді. Мысалы, бүгінде стационарларды өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтамасыз ету шамамен 94 пайызды құрайды», деді Б.Мәкен.
Сондай-ақ ол қала әкімдігінің жеке және республикалық клиникалардың компьютерлік томография аппараттарын елорда емханалары мен стационарларына бекіту туралы келісімге қол қойғанын атап өтті. Қазір компьютерлік томографтардың жалпы саны – 19. Қажет болса, қаланың барлық 17 стационары қайта ашылып, инфекциямен күреске жұмылдырылмақ.
Қалада 5 медициналық мекеменің аясында 1645 кереует жасақталып, оған қоса елордадағы көпбейінді клиникалар жедел және жоспарлы түрде пациенттерге көмегін жалғастыра бермек. Бұл алғашқы кезеңде атқарылатын жұмыс болса, екінші кезеңде қосымша 1500 кереует республикалық дәрежедегі ауруханалардың қатысуымен жүргізіледі. Ал үшінші кезеңде, тек қаладағы емдеу орындарында ғана емес, қонақүйлер кешендері, жатақханалар да вируспен күресетін стационарларға айналады.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова: «Мұндай шаралар қосымша 5600 инфекциялық кереуеттер жасақтауға, оның ішінде 465 (реанимация) жан сақтау орнын ашуға мүмкіндік жасайды», дей келе, қала тұрғындары үшін ең бастысы, санитарлық нормаларды қатаң ұстану өзіңді де, жақындарыңды да аурудан сақтаудың жолы екенін қадап айтты.
Сонымен елордадағы емдеу орындары дайындықсыз емес. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының деңгейінде COVID-19 симптомсыз және ауруы жеңіл болып келетін, сондай-ақ індет жұқтырғандармен байланысқа түскен науқастарды қашықтықтан басқару бойынша жұмыс ұйымдастыру көзделіп, оған қосымша КВИ және пневмонияға шалдыққан науқастарға үй жағдайында ауруханалар әзірлеу, сондай-ақ оларға ақысыз дәрі-дәрмектер беру де қарастырылған екен.
«Қаланың барлық емханасында мобильді топтар пациенттерге үйге бару арқылы қызмет көрсетеді. Індетке күдікті науқастардан коронавирустық инфекцияға үйден ПТР тест алу да қарастырылған. Олардың саны 207-ні құрайды», дейді Ә.Рүстемова.
Сондай-ақ қалалық емханаларда әлеуметтік арақашықтықты ескере отырып пациенттер үшін күту бөлмелері, респираторлы аурулары бар науқастарды қабылдау үшін фильтр кабинеттерінің жұмыс істеуі де қарастырылып отыр. Ал ауруға шалдығу ықтималдығы жоғары, қауіпті топтағы пациенттерді (гипертония, қант диабеті, коронарлық артерия ауруы, демікпе және басқалары) тұрақты түрде бақылау мобильді топтарды тарту арқылы жалғасады. Науқастарды жоспарлы түрде қабылдау міндетті түрде алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында иісшіл иттер көмегімен 75 қылмыс ашылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар