Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысындағы өрттен 7 жастағы бала қайтыс болды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейімбет Майлин ауданына қарасты Береговой кентінде екі пәтерлі үйден өрт шығып, салдарынан 7 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай облысындағы өрттен 7 жастағы бала қайтыс болды

Оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат жеті шамасында болған.

Өртенген үйге келген мамандар ғимарат ішінен 2013 жылы туған баланың денесін алып шықты. Сондай-ақ, оның 1959 жылы туған әжесі ауыр жарақатпен Рудный қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Өрт тек 8:17-де ауыздықталып, 9:50-де толығымен сөндірілді. Барлығы 100 шаршы метр аумақ жанып кеткен.

Мамандар қазір өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар