Елорда • 16 Қыркүйек, 2020

Елордада жауын-шашын кәріздері жөнделіп жатыр

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құрылыс қарқынын ескере отырып, жауын-шашын мына арналған кәріздері мен тазарту қондырғыларын уақытында салу қажет. Бұл туралы елорда әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада жауын-шашын кәріздері жөнделіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов алдағы атқарылатын жұмыстардың тізбесін атап өтті:

Бірінші. Б.Момышұлы даңғылындағы проблемалық учаскесінде орналасқан жауын-шашын су кәрізінің магистралды коллекторының құрылысын аяқтаймыз. Бұл жауын-шашын су кәрізінің ұзындығы – 500 метр, Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін жалғасады (Б.Момышұлы даңғылынан өтеді). Жаңа құрылыс қазіргі жауын-шашын су кәрізі желілерінің су өткізу мүмкіндігін бір жарым есе арттырады.

1

Екінші. Бұған қоса "Молодёжный" шағын ауданында (Тәшенев пен Амман көшелерінің қиылысы) тазарту қондырғыларын салып жатырмыз. Ол жерде коллекторларды да толық қалпына келтіреміз. Бұрын бұл жер батпақты болған.

Бұл қондырғылардың айырмашылығына келсек, олар жаңбыр және қар суын Есіл өзеніне жібермес бұрын тазартуға мүмкіндік береді. Бұрын су ағыны тікелей өзенге ағатындықтан, өзенді ластап, қала экологиясына зиян тигізетін. Бұл құрылысты 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бірақ бірінші кезең – су тазартуды биыл күзде іске қосамыз.

"Молодёжный" шағын ауданындағы жаңа қондырғылардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метр. Бұл тазарту қондырғылары Тәшенев, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылын су басуына жол бермейді. Себебі тазарту қондырғысы жер астында салынып, оның үстінен абаттандырылған, көгалдандырылған сквер салынады.

1

Үшінші. Биылғы жылдың соңына дейін Тельман тұрғын алабында тазарту қондырғылары мен магистралды коллектор құрылысы бойынша жұмысты аяқтаймыз. Оның қуаты тәулігіне 36 мың текше метрді құрайды. Жобаны жүзеге асыру жер бетіндегі суағарлардың бұрылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол Тельман тұрғын алабы мен № 27 көшесінің бойын қамтиды.

Төртінші. Биыл Пригородный тұрғын алабы мен Алаш тас жолы бойындағы логистика орталығы ауданында тазарту қондырғыларын салдық.