Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020

Семейде көне ғимарат құлағалы тұр

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алашордашылардың ізі қалған Семей шаһарындағы көне ғимараттың қабырғасы қақырап, құлағалы тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде көне ғимарат құлағалы тұр

1873 жылы салынған Семейдегі әйелдер гимназиясының ғимараты тарихи сәулетін жоғалтпай осы күнге дейін сақталған. Алғашында әйелдер гиманазиясы болып ашылған зәулім үй кейін «зооветинститут» болып өзгерген.

Өткенге көз жіберсек, көне ғимарат 1917 жылы бір өртенсе, 1986 жылы желтоқсанда тағы да өртке оранған. Екі рет те өрт бір тұстан шығыпты. Едені қарағайдан төселгендіктен қызыл жалынды өрт сөндірушілер ауыздықтап үлгірмеген. Содан бері қараусыз тұр. Бүгінгі күнде қызыл кірпіштен соғылған қабырғалары ғана қалған.

Енді мамандардың айтуынша, ғимараттың қабырғалары үш жерден жарылып тұр. Жер иесінің өтініші бойынша зәулім үйді арнайы мамандар тексеріп, апатты жағдайда тұрғанын анықтаған. Маңайынан әрі-бері өтіп жатқан тұрғындар үшін қауіпті болғандықтан көшеге лента тартылып, ескерту белгісі қойылған.

Семей