Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2020

Шымкентте “Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы” жобалық кеңсесі ашылды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою мақсатында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде "Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте “Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы” жобалық кеңсесі ашылды

Жобалық топтың құрамына әскери есепке алу, шақыру, кадр жұмысы және қаржы қызметі мәселелері бойынша департаменттің әскери қызметшілері мен азаматтық қызметші мамандары кірді.

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті түсіндіргендей, азаматтар туындаған сұрақтарымен келген кезде кезекші келушіні тікелей қабылдауды жүзеге асыратын кеңсе басшысына хабарлайды. Қажет болған жағдайда, мәселені шешу үшін жобалық топтың тиісті мамандарын шақырады.

"Жобалық кеңсе азаматтарды қызметтік іс жүргізуде тікелей қабылдау барысында мұрағатқа жүгінуді талап ететін анықтамалық жұмыстарды қоспағанда, олардың құжаттарын тіркеудің қажеттілігі болмайды", – деді жобалық кеңсенің басшысы, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Ринат Мадьяров.

Жобалық топ азаматтардың мәселелерін шешу үшін жан-жақты шаралар қабылдайтын болады. Жұмыстың тиімділігі мекеме бастығына жазбаша өтініш беру, бағынысты біріккен басқармалармен, басқа органдармен және мекемелермен хат алмасу қажеттілігін жояды. Осылайша, қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы артады.

Айта кетсек, "Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің жұмыс істеуі бекітілген "Адалдық алаңы" жобасының жарғысына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылатын болады.

Келушілерді қабылдау жұмыс күндерінде сағат 9-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.