Әлем • 22 Қыркүйек, 2020

Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізіледі

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина сынақтан өтпек, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізіледі

Препарат Чумакова атындағы ғылими федералды орталығының мамандарымен әзірленіп жатыр. Вакцинада жасанды әлсіз вирус қолданылады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымдарының талабы бойынша зерттеу жұмыстарына 3 мыңнан астам ерікті жұмылдырылды. Зертханалық жұмыс Киров, Санкт-Петербург пен Новосібір қаласында өтеді. Екпе қабылдаған ерікті 16 күн бойы стационарда жататын болады.

Ал денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында болмақ. Болжам бойынша клиникалық сынақ қараша айында аяқталуы тиіс.