«Индер аудандық полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ, туыстары жұмылдырылды. Атырау облысының аумағы мен көршілес облыстың аудандарына ақпараттар жіберіліп, іс-шаралары ұйымдастырылды. Алайда бүгінге дейін нәтиже болмады. Соған қарамастан, іздестіру шаралары тоқтатылмады. Іздестіру жұмыстарын облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев бақылауына алды. Бүгін, 24 қыркүйекте жоғалып кеткен КамАЗ көлігінің жүргізушісі Индер ауданындағы «Көк ат» шаруа қожалығы орналасқан учаскеге таяу маңнан аман-есен табылды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысынан келе жатқан "КамАЗ" жүргізушісі 21 қыркүйекте жоғалып кеткен еді. Оны іздестіру кеше, 23 қыркүйекте басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан»: Павлодарда 40 қайың отырғызылды
Экология • Бүгін, 20:18
Мигранттар туралы жүйелі әлеуметтік зерттеулер жүргізу қажет – Дархан Қыдырәлі
Қоғам • Бүгін, 19:20
Пікір • Бүгін, 19:00
БАҚ пен азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын – министр
Қазақстан • Бүгін, 18:43
Қазақстан-Қытай депутаттары трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесін талқылады
Парламент • Бүгін, 18:15