Қоғам • 25 Қыркүйек, 2020

"Қымбат жандар": жоғалған жандарды іздеуге арналған тележоба эфирге шығады

1226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 5 жылда 13 мың адам із-түзсіз кеткен. 27 қыркүйектен бастап "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасынан жоғалған жандарды іздеуге арналған "Қымбат жандар" әлеуметтік тележобасы эфирге шығады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қымбат жандар": жоғалған жандарды іздеуге арналған тележоба эфирге шығады

Сурет "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметінен алынды

"Қазақстанда соңғы 5 жылда 13 мың адам із-түзсіз кеткен. Елімізде ай сайын 220 адам жақындарынан алыстайды.  Бұл – көңілге кірбің ұялататын статистика. Із-түзсіз жоғалған әр адамның тағдыры да әр қилы. Кей адам ашу үстінде жақындарынан баз кешіп, отбасынан кетіп қалса да, арада көп жыл өткен соң қайта табысқысы келеді. Біздің мақсатымыз – сол жандардың отбасына оралуына жәрдемдесу. "Қымбат жандар" – тағдырдың жазуымен бір-бірінен қол үзіп қалған жандарды қауыштыратын алаң. Қазірдің өзінде редакцияға түрлі хаттар келіп түсуде. Ең өкініштісі, олардың арасында анасынан ажырап қалған балалар бар", дейді бағдарлама жүргізушісі Қымбат Досжан.

1

Қазақстандықтар бағдарламаға +77075355383 WhatsApp нөмірі бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы өз оқиғасын жолдай алады.

Жоба Ұлттық арнадан 27 қыркүйектен бастап әр жексенбі 12:00-де эфирге шығады.