Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Смартфонын қуаттамақ болған оқушыны тоқ ұрып, қайтыс болды

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқушы ұялы телефонды қуаттау кезінде электр тоғы соғып, қаза тапты. Оқиға Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Смартфонын қуаттамақ болған оқушыны тоқ ұрып, қайтыс болды
 

"Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте, сағат 22:00 шамасында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы үйлердің бірінде орын алды. Электр тоғының соғуы салдарынан 15 жастағы жергілікті тұрғын қайтыс болды. Алдын ала анықталғандай, қыздың ұялы телефоны электр қуатында болған", дейді полицейлер.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51