Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

Техникалық қадағалау есебі автоматтандырылды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қағаз құжат айналымын одан әрі түзету мүмкіндігінсіз тікелей жүйеде қажетті атқарушы техникалық құжаттарды қалыптастыру жолымен едәуір қысқарту күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Техникалық қадағалау есебі автоматтандырылды

Жүйе құрылыстың барлық кезеңдерін – қазаншұңқырдан бастап құрылыстың аяқталуына дейінгі кезеңді қамтиды. Жасырын жұмыстардың барлығы актілермен аяқталып қана қоймай, фото және бейне форматта сақталатын болады.

Осы Жүйенің жұмыс істеу принципі құрылыстың барлық қатысушылары (тапсырыс беруші, мердігер ұйым, техникалық және авторлық қадағалау) үшін бірыңғай цифрлық алаң ұсынылатындығында, онда электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен барлық қажетті рұқсат беру құжаттары мен ЖСҚ жүктелетін болады және барлық қатысушылар атқарушылық-техникалық құжаттаманы (актілер, журналдар, нұсқамалар және т.б.) тікелей жүйеде толтырып, жүргізетін болады.

«Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін бірыңғай жүйені енгізу шеңберінде техникалық қадағалаушылардың ай сайынғы есептерін беру автоматтандырылды. Бұл бірыңғай алаң технадзорлардың еңбек қызметінің объектілері бойынша қадағалауға және еліміздің әртүрлі өңірлерінде қызмет көрсету фактілерінің жолын кесуге мүмкіндік беретін есептерді тапсыруға арналған. Бүгінде барлық өңірлер осы жүйеге қосылған. Есептер электронды түрде беріледі, процесс орталықтандырылған.

Қазіргі уақытта есептер бойынша отандық тауарларды қолдану объектілерінде қадағалауға нормативтік және техникалық бөлік пысықталуда.

Соңғы жаңалықтар