Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

Заңсыз ауланған балық артқан көлік жүргізушісі ұсталды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік жүргізушісі Қарағандыға заңсыз аулаған балықты жеткізбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заңсыз ауланған балық артқан көлік жүргізушісі ұсталды

"28 қыркүйекте сағат шамамен 03.00-де Қарағанды облысының ПД патрульдік полициясы батальоны қызметкерлері Бұқар жырау ауданы аумағында орналасқан “Қарағанды – Аягөз” тасжолы бөлігінде Қарағанды қаласына бара жатқан көлікке назар аударды. Келе жатқан көлік шегіне дейін артылғаны көрініп тұрды. Машинаның іші-сырты қапқа тиелген жаңа ауланған балықты полицейлер көліктен анықтады. Рөлдегі 38 жастағы жүргізушіде балыққа қажетті құжаттар болған жоқ", делінген хабарламада.

Көлік жүргізушісі балықты қайдан алғанын полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында анықтайды.