9 қазанға қараған түні елорда әуежайына алты ұшақ қонды. Рейстерді Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуе компаниялары жүзеге асырды.
"101 жолаушының ПТР-тестілері жоқ немесе мерзімі өткен. Олар стационарлық карантинге жатқызылды. ПТР тестін тапсырғаннан кейін оларды үйлеріне жібереді, оң нәтиже болған жағдайда инфекциялық стационарға жіберіледі", деп хабарлады әуежай әкімшілігі.