Ауа райы • 14 Қазан, 2020

Алдағы үш күнде елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5-17 қазан аралығында еліміздің батыс және солтүстік жартысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алдағы үш күнде елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Ақ теңіз аудандарынан келетін циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында жаңбыр жауып, жел күшейеді. Алайда ауа температурасы айтарлықтай төмендемейді.

Еліміздің оңтүстік және шығыс бөлігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.